Астана қалалық ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясында есеп қорытындылары мен алдағы референдум мәселесі талқыланды
Кездесу барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды және алдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды.
Конституциядағы өзгерістер мен алдағы референдум мәселесіне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында отбасылық құндылықтар мен қоғамдағы отбасының рөлі, волонтерлік қозғалысты дамыту, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз етуге қатысты нормалар қарастырылды. Бұл ережелердің әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, азаматтық белсенділікті қолдау және қоғамдағы өзара жауапкершілікті күшейту үшін маңызы атап өтілді. Сондай-ақ конституциялық нормалардың практикада қалай қолданылатыны және азаматтардың күнделікті өмірінде қалай көрініс табатыны талқыланды.