ЖЭО-1 ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
Сенатор Геннадий Шиповских және мәслихат депутаттарының қатысуымен елордалық ЖЭО-1 ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша алдағы референдум мәселесі талқыланды.
Мемлекет тұрақтылығын нығайтуға, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етуге және президенттік басқару нысанын сақтауға бағытталған Негізгі заң жобасының негізгі өзгерістері қаралды. Еңбек адамының рөлі, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларының қауіпсіздігі және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қоғамдық диалогты дамыту және азаматтардың маңызды шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтуге арналған қосымша тетік ретінде «Халық кеңесі» институтын құру мәселесі талқыланды.