«Астана Тазалық» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Бұл мекемеде қазіргі таңда 1300-ден астам адам еңбек етеді, қаладағы тәртіп пен жайлылық осы жандардың күнделікті еңбегіне тікелей байланысты.
Кездесуге Сенатор Евгений Больгерт, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев және депутаттық корпус қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция жобасы талқыланды.Әңгіме мазмұнды әрі ашық форматта өтті. Әлеуметтік кепілдіктер, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттің жауапкершілігі және конституциялық өзгерістердің күнделікті өмірге қалай әсер ететіні жөнінде көптеген сұрақтар қойылды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Ұжым өкілдерінің ұсынылып отырған өзгерістерді және олар бекітетін құқықтар мен кепілдіктерді нақты түсінуіне ерекше мән берілді.