Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихатта Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен мәслихаттың қырық тоғызыншы кезектен тыс сессиясы өтті, оның барысында жедел шешім қабылдауды талап ететін мәселелер қаралды.

Сессия жұмысына қала әкімдігінің, қоғам мен БАҚ өкілдері, бейінді мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты.  

Мәслихат сессиясы шеңберінде аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселелері бойынша мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды. Осы мәселе бойынша Астана қаласы мәслихатының Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі уақытша комиссиясының төрағасы Алтыншаш Табулдина сөз сөйледі. Ол қалада қосымша 31 сайлау учаскесі құрылғанын, сондай-ақ аудандық аумақтық сайлау комиссияларының бірнеше мүшелері міндеттерінен босатылғанын атап өтті. Осыған байланысты сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Депутаттар мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты мәселелерді қарады. Түзету қолданыстағы заңнама нормаларына және ұйымдастырушылық қажеттілікке сәйкес жүргізілді.

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильділігі төмен топтарын қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттары үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында Қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерлан Жүсіпов атап өткендей, құжат кедергісіз инфрақұрылымды қалыптастыруға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған.

Талқылау барысында депутаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар салу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, дәл осы пандустар қауіпсіз және қолжетімді қозғалыс әдісін қамтамасыз етеді, ал жеделсатылар азаматтардың осы санаты үшін қауіпсіздікке толық кепілдік бере алмайды және оларды ауыстыру ретінде қарастырылмауы керек.

Депутаттар Астана қаласы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі сабағаттық-кеңесші органның жаңартылған құрамын бекітті. Нормативтік базаны өзектендіру мақсатында, мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылды.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.