Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжі базасында «Суды үнемде — болашақты сақта» тақырыбында экосағат өтті

Іс-шараны Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Тұрақты өкілдігі ұйымдастырды. Кездесу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған «Адал азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасы аясында өтті.

Іс-шараның басты тақырыбы — су ресурстарын үнемдеу.

Кездесу барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша тәжірибеге бағытталған жобалар, инновациялық шешімдер және халықаралық тәжірибе таныстырылды.

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жобасына да арнайы назар аударылды. Әсіресе 34-бапқа енгізілген өзгерістерге назар аударылды. Бұл өзгерістер қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау нормаларын күшейтеді. Енді азаматтардың елдің табиғи байлықтарын сақтауға міндетті екені конституциялық деңгейде нақтырақ бекітілуде. Бұл жай ғана формальды норма емес, бүкіл қоғам үшін маңызды құндылықтық бағдар.

Климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы және экологиялық жүктеменің артуы жағдайында мұндай нормалардың маңызы ерекше. Сонымен қатар жаңа жобада «Таза Қазақстан» қағидаттарына — тазалыққа, экологиялық мәдениетке және қоршаған орта мен қоғамдық кеңістіктерге құрметпен қарауға басымдық күшейтілген.

Осылайша, экология және суды ұтымды пайдалану мәселелері мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігіне айналып отыр.

Экосағат онлайн және офлайн форматта өтті. Дөңгелек үстелге Астана қаласының 25 колледжі мен Солтүстік Қазақстан облысының 20 колледжі қатысты.