Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Қалалық мәслихатта құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның «Қоғамдық кеңістіктерді (скверлер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары) салу, жөндеу және қайта құрылымдау, аулаішілік аумақтарды абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жөніндегі жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында отырысы өтті.

Отырыс барысында қалалық ортаның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы кешенді баяндамалар ұсынылды. Жайлы және экологиялық тұрақты қоғамдық кеңістіктер құру, аула аумақтарын абаттандыру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы депутаттарды жасыл желектерді сақтау және ұлғайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. 2025 жылы бірқатар маңызды жобалар іске асырылды, олар – Ұлы Дала даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі Мәңгілік Ел даңғылындағы қоғамдық кеңістікті қайта жаңарту, Greenline бульварының бірінші кезегін және өзге де объектілерді салу. 2026 жылы жаңа жобаларды салу және бұрын басталған жобаларды аяқтау бойынша жұмыстар жоспарланған.

Сондай-ақ, қалалық ғылым орталығының директоры қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы баяндады. Ол қалалық ортаны қалыптастыру кезінде әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтардағы тұрғындардың қажеттіліктеріне, кедергісіз орта құруға және қоғамдық аймақтардың функционалдығын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер қолданылғанын атап өтті.

Қала аудандарының әкімдері аудан деңгейінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Аулаішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктерді, саябақтарды, скверлер мен өзен жағалауларын жөндеу және абаттандыру туралы деректер айтылды.  Жоспарларды қалыптастыру кезінде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары, сондай-ақ, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту қажеттілігі ескерілгені атап өтілді.

Тұрақты комиссияның отырысы барысында депутаттар бірқатар нақтылайтын және түбегейлі маңызды сұрақтар қойды, сондай-ақ, іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға бағытталған нақты ұсыныстар енгізді.

Атап айтқанда, депутаттар Сарыарқа қаласының тарихи ауданын қаржыландыру, оны дамытуға және абаттандыруға бөлінген бюджет қаражатының көлемі, сондай-ақ, орта мерзімді перспективада жоспарланған іс-шаралар туралы мәселені көтерді. Талқылау аясында Сарыбұлақ өзені мен Нұра-Есіл каналын абаттандыруға назар аудару ұсынылды, өйткені жағалау аймағын кешенді дамыту іргелес аумақтардың тартымдылығын едәуір арттыра алады.

Сондай-ақ, қаланың туристік тартымдылығын дамыту бойынша ұсыныс енгізілді – Бейбітшілік және келісім сарайының айналасында туристер үшін жаңа шоғырлану нүктесі болуы мүмкін бақылау аймағын жабдықтау.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және қаланы абаттандыруға жүйелі және кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Қаралып отырған мәселе әлеуметтік маңызды деп танылды және комиссияның тұрақты бақылауында болады.