Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы жобаларды қарастырды
Астана қаласының мәслихатында экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру шеңберінде жоспарланған жобаларды қарауға арналған құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Талқылауға депутаттар, қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасының, аудан әкімдіктерінің, урбанистика орталығының, экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов 2026 жылға арналған жобада 16 бюджеттік бағдарлама қарастырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, ол 2026 жылға арналған 7 бюджеттік бағдарлама бойынша қосымша қажеттілік туралы баяндады. Негізгі бағыттардың қатарында жасыл аймақтарды кеңейту және күту, оның ішінде, жұмыс істеп тұрған саябақтарды, скверлерді реконструкциялау және жаңаларын құру, «жасыл белдеуді» күтіп ұстау, Есіл өзенінде, өзенге құятын ағындарда табиғатты қорғау іс-шаралары, қоғамдық кеңістіктерді реконструкциялау, көшеттік салу, атмосфералық ауаның жай-күйін бақылаудың қосымша экологиялық бекеттерін сатып алу, атмосфералық ауаның қалдықтарды жинау және қайта өңдеу, экологиялық білім беру және жастарды тұрақты даму жобаларына тарту.
Депутаттар елорданың экологиялық тепе-теңдігін сақтау және жақсарту, әсіресе, қала құрылысы мен көлік жүктемесінің өсуі жағдайында жүйелі және ұзақ мерзімді инвестицияларды қажет ететінін атап өтті.
Депутаттардың сын-ескертпелері аяқталатын жобаларды, келесі жылы қаржыландыруды жалғастыруды талап ететін ірі жобаларды және жаңа жобаларды көрсете отырып, 2026 жылға арналған қаржыландыру жоспарының нақты көрсетілмеуіне байланысты болды. Бұдан басқа, депутаттардың пікірінше, басым жобаларды (астананы дамыту жоспарын немесе Мемлекет басшысының тапсырмаларын, уәкілетті органдардың бұйрықтарын және т.б. ескере отырып) бөлуді негіздеу талап етіледі.
Бұрын іске асырылған бағдарламалардың тиімділігі, индикаторлардың орындалуын бақылау, күтілетін нәтижелер бөлек талқыланды, өйткені басқармаға ЖБ және РБ-тен қаражат бөлінді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Владислав Сергеев отырысты қорытындылай келе, бүкіл блок бойынша, оның ішінде, Талдыкөл маңындағы экопаркті қаржыландыру, жаңа көшеттік салу бойынша толық ақпарат дайындауды сұрады. Ол басқарма басшысына депутаттармен бірге барлық шығындарды қайта қарауды, басымдықтарды нақтылауды, жобалық ұсыныстарды пысықтауды ұсынды.