Мәслихат депутаттары елорда аудандарымен жұмыс кездесулерін аяқтады
2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыруға дайындық аясында Астана қаласы мәслихатының депутаттары Сарыарқа ауданына жұмыс сапарымен барды.
Ең тығыз қоныстанған аудардарының бірі Сарыарқа ауданы 6770 гектар аумақты алып жатыр, онда 352130 адам тұрады. Ауданда 994 көппәтерлі үй, 609 аула және 315 көше бар.
Сол жерде депутаттар нысандардың жай-күйімен, ағымдағы жобалардың іске асырылуымен танысты, ұйымдардың мамандарымен кездесті. Жұмыс барысында басым қажеттіліктер нақтыланды және жобаларды үш жылдық бюджетке енгізу мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, 156 аула жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап ететіні белгілі болды. Депутаттар 52 учаскедегі су басу мәселелеріне, сондай-ақ ауданды цифрландыру тақырыбына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді арттыруға және қолжетімді қалалық ортаны құруға бағытталған жобалар қаралды.
Сапар барысында жиналған материалдарды мәслихаттың бейіндік комиссиялары жүйелендіреді және 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыру кезінде ескеріледі.