«Еңбек шеберлері – 2025» кәсіби шеберлік байқауының салтанатты жабылу рәсімі өтті
19.09.2025
Бұл байқаудың маңызы зор. Себебі еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялады. Бұл – әділ шешім. Өйткені құрылысшылар, энергетиктер, электриктер, коммуналдық қызмет өкілдері сияқты жұмысшы мамандық иелерінің еңбегі – экономикамыздың тұрақтылығы мен дамуының, әрбір тұрғынның жайлы тұрмысы мен өмір сапасының негізі.
Байқаудың басты мақсаты – жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, мамандардың жоғары шеберлік деңгейін көрсету, сондай-ақ жастардың техникалық және жұмысшы мамандықтарына назарын аударту.
Байқауға елорданың жетекші коммуналдық кәсіпорындарының командалары қатысты: «Астана Су Арнасы», «Астана РЭК», «Астана-Теплотранзит», «Астана-Энергия», «Elorda Eco System», «Астана Тазалық» және «Астана Зеленстрой». Осы ұйымдардың қызметкерлері өз жұмысына деген сүйіспеншілігін, жоғары кәсібилігін және жауапкершілігін іс жүзінде дәлелдеді.