Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияға қатысты
30.08.2025
Мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен, Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция аясында елдің құқықтық жүйесін дамытуға қатысты негізгі мәселелерге арналған панельдік сессиялар өтті. Конституцияның теңдікке, азаматтардың құқықтарын қорғауға және әділ сотқа қол жеткізуге кепіл болатын рөлі, Қазақстанның заң мен тәртіпті нығайтудағы жетістіктері, дауларды баламалы шешу тәсілдерінің дамуы және сот жүйесіне цифрлық сервистерді енгізу мәселелері талқыланды.
Еліміздің Негізгі заңы қабылданған 30 жыл ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нығайтылды, Конституциялық Сот құрылды және басқа да маңызды өзгерістер жүзеге асты.
Конференция үздік тәжірибелермен алмасуға және «тыңдаушы мемлекет» қағидатын іске асырудың келесі қадамдарын талқылауға маңызды алаң болды.