«Астанагенплан» ЖШС базасында көшпелі кеңес өткізілді
04.06.2025
Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Астанагенплан» ЖШС базасында көшпелі кеңес өткізді. Жиында елорда үшін өзекті болып отырған бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда: қаланың сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің схемасы, электрмен қамту және нөсерлік кәріз жүйесін дамыту жоспары (2025 жылға дейін), сондай-ақ 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген ықшам құрылыс кешенді жоспары, оның ішінде реновация бағдарламасы қаралды.
Барлық жобалар қалалық мәслихат жанындағы жұмыс топтарының аясында талданып, ұсынылатын болады. Бұл шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті бюджетке түсетін жүктемені азайтуға ерекше назар аударылады. Жекелеген жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылғанына қарамастан, инфрақұрылым тарту және оны қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ өзге де маңызды аспектілер ескерілетін болады.