Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке — тәуелсіз еліміздің маңызды әрі ерекше күндерінің бірі. Қазақстан халқының бірлігі күні — түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтып, ашық әрі сындарлы диалогқа жол ашатын, мәдени әртүрлілігіміздің жетістіктерін айшықтайтын мейрам.

Осы шуақты көктем күнінде баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, береке-бірлік, отбасылық амандық пен бейбіт өмір тілеймін!

Достық, өзара түсіністік пен татулық — ортақ болашағымыздың берік іргетасы бола берсін!

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлкабден