Жеті ақпараттық және техникалық ресурс, оның ішінде ҚР Үкіметінің ресми сайты, 160-тан астам қызметкер және шамамен 22 миллион қаралым
12.02.2025
Жеті ақпараттық және техникалық ресурс, оның ішінде ҚР Үкіметінің ресми сайты, 160-тан астам қызметкер және шамамен 22 миллион қаралым – бүгін әріптестеріммен бірге «Qazcontent» АҚ ұжымымен таныстық. Компанияның басшысы Айна Задабек олардың негізгі міндеттеріне тоқталып, қоғамдағы өзекті мәселелерді, қазақстандықтардың жетістіктерін, жастардың мәдени өмірі мен Қазақстан тарихын насихаттау бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.
Елорда мәслихатының депутаттары да бірнеше рет түрлі подкасттарға қатысып, Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ой бөліскен болатын. Алдағы уақытта да тығыз әріптестік байланыс орнатып, қоғам үшін маңызды мәселелерді кеңінен талқылау жоспарда бар.