Бапасөз парағы
12.02.2025
Елордалық мәслихаттың төрағасы Табиғат Зейнұлқабден әріптестерімен бірге құрылыс басқармасының басшысы, білім басқармасы басшысының орынбасары және аудандық әкімдік өкілдерімен бірге №23 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты белсенді тұрғындар Қарлығаш Набиуллина және Тлектес Тленовамен кездесті. Кездесу барысында мектептің жөндеу жұмыстарын жеделдету, техникалық сараптама жүргізу және жаңа мердігерді анықтау бойынша жауапкершілік аймақтары белгіленді. Сондай-ақ мектепті қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Айта кетейік, «Байқоңыр» ауданында орналасқан №23 орта мектептің қосымша ғимараты 2021 жылы пайдалануға берілгенімен, көп ұзамай бірқатар құрылыс ақаулары мен кемшіліктер анықталды. Ең маңызды проблемалар – шатырдың су ағызуы және ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуі.