Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

1992 жылдың мамыр айында Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнады

1992 жылдың мамыр айында Қазақстан мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнады

Содан бері екі ел арасындағы байланыстар барлық салаларда нығайып, тәжірибе алмасу тұрақты түрде жүзеге асып келеді. «Таллинн қалалық кеңесінің төрағасы Тоомас Круусимяги мырзамен кездесу барысында Астана қаласы мәслихатының құрылымы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы, сондай-ақ елордамыздың көлік, коммуникация және логистика орталығы ретінде қарқынды дамып жатыр», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Эстонияның тәжірибесі біз үшін үлкен қызығушылық тудырады. Бұл мемлекет Еуропада цифрландыру мен туризм салаларында көш бастап келеді. Сонымен қатар, біз үшін Эстония астанасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару, қоғамдық көлік жүйесін ұйымдастыру және медициналық мекемелердің жұмысы бойынша тәжірибесі ерекше маңызды.