«Сарыарқа» ауданының абаттандыру және даму мәселелері бойынша негізгі сұрақтар талқыланды
28.11.2024
Биылғы жылы 255 аула аумағында, сондай-ақ «Көктал» саябағында және оған іргелес орналасқан скверлерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның көше желісінің жалпы ұзындығы – 314 шақырым. Оның 268 көшесінде (284 км, 93%) асфальт жабыны бар, ал 47 көшесінде (18 км, 7%) асфальт төселмеген.
Ауданда жедел шешуді қажет ететін келесі мәселелер атап өттім: су құбырлары желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы; кәріз жүйесінің тозуы; электр беру желілерінің ескіруі; кабельдік желілердің жұмысына қатысты ақаулар; қоқыс шығаруды, оның ішінде құрылыс қалдықтарын шығару жүйесін оңтайландыру қажеттілігі; контейнерлік алаңдарды жаңғырту; ауданның сәндік жарықтандыруы үшін бірыңғай формат пен жарық түс гаммасын әзірлеу. Барлық аталған мәселелерді жан-жақты зерделеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына енгізу қажет.