Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрметті Елордамыздың тұрғындары мен қала қонақтары!

Құрметті Елордамыздың тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді Ұлтымыздың ұлық мерекесі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын мереке. Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің маңызы зор.

Халқымыздың ырыс-ынтымағы мен бірлік-берекесі артып, мемлекетіміздің мерейі үстем болып, еңселі еліміз мәңгі жасай берсін!  Ұлттың ұлық мерекесінде баршаңызға игілік тілеймін!

Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов