Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Құрметті педагогтар, білім беру саласының қызметкерлері, осы саланың ардагерлері!

Құрметті педагогтар, білім беру саласының қызметкерлері, осы саланың ардагерлері!

Сіздерді Мұғалімдер Күнімен шын жүректен құттықтаймын. Күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс айтамын. Бұл – шын мәнінде баршаға ортақ мереке.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтып кеткен.  Ұстаз тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстаздан тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір жолында жаңылыспай, болашақ бағдарынан таймасы анық. Ұстаз болу –  жоғары кәсіпқойлықты, орасан зор ақыл-ой күшін, даналықты, шыдамдылық пен адалдықты қажет ететін мамандық. Сіздер ізгі идеяларды жүзеге асырушылардың алдыңғы қатарысыздар. Жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, өмірдің қыр-сырын танытатын да – Сіздер, ардақты ұстаздар!  Мектептің басты мақсаты – заманауи білім беру мен жас ұрпақтың ой-санасын ояту. Ой-санасы биік баланың мәдениеті де жоғары. Алайда, бала тәрбиесіне тек мектеп пен мұғалім ғана емес, ата-ана, қоғам болып ат салысып, жауаптылық сезіну тиіс.

Мерейлі мереке қарсаңында баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, бастамаларыңызға сәттілік, бақ-береке мен үміттеріңізді ақтайтын шәкірттер тілеймін!

Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов