Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!
Құрметті тыл еңбеккерлері және елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты атынан Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың болашағы, бостандығы мен қадір-қасиетін қорғау арқылы өз өмірін құрбан еткендерді жарқын еске алу күні.

Халқымыздың ерлігі ескерткіштерде, кітаптар мен фильмдерде, қалалар мен көшелердің аттарында мәңгі сақталады. Бірақ, ең бастысы - олар біздің жүрегімізде және жадымызда. Әр отбасының өз тарихы, соғыс туралы естелігі және Ұлы Жеңіске қосқан үлесі бар.

Ерекше ыстық ықыласпен ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлеріне - сұрапыл соғыс жылдарынан өткен, Ұлы Жеңісті күн сайын жақындатқан баршаңызға, майдан үшін, Жеңіс үшін, келер ұрпақтың аман-есен және бейбіт өмірі үшін жасаған ерліктеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге шын жүректен  денсаулық, бақыт, бейбітшілік, амандық және барлық жақсылықты тілеймін!

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов