Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

2025 жылға дейін елордада 60 мың орындығы бар 50 мектеп салынады

2025 жылға дейін елордада 60 мың орындығы бар 50 мектеп салынады

"Nur Otan" партиясының елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында 60 мың орындығы бар 50 мектеп салынады. Биылғы жылы олардың 5-і бюджет есебінен, 4-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде және 6-ы жеке инвестор есебінен салынатын болады.  Келесі жылы елордада 16 мектеп ашылады.  МЖӘ шеңберінде конкурстық рәсімдерден өту үшін бастапқы деректерді жинау сатысында-4 мектеп.   Кірпішті т/а 600 орынға арналған № 12 мектеп-кешені салынады. Интернационалдық т/а жапсаржайында да сонша орын болады.

"Ағаш зауытында ескі мектеп бұзылып, жаңа мектеп салынады. Келесі жылы жеке инвестор есебінен 3 мектеп салынады: екеуі "Алматы" ауданында және біреуі  "Есіл" ауданында.  МЖӘ аясында 2400 орындық "Көктал - 1" т/а мектеп пайдалануға беріледі",- деді әлеуметтік желілердегі парақшасында мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.