Депутаттық бақылау
Елордалық мәслихат депутаттары әлеуметтік, спорттық нысандарға, қоғамдық көліктерге мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімділік тұрғысынан мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Депутаттар "Сарыарқа" ауданының әкімі және әкімнің кеңесшісі Ардақ Отарбаевпен бірге "Көктал-2" т/а салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын және қолжетімділігін тексерді.Нысанды пайдалануға беру-2021 жыл, мұнда ХҚКО, қарттар клубы, кітапхана, полиция пункті, тренажер, футбол және теннис залдары орналасатын болады. Жалпы ауданы-12 мың шаршы метр. "Мердігер мен құрылыс басқармасына қатысты көптеген шағымдар айттым. Қалыпты пандустар мен лифтілердің, кірме жолдардың болмауы, осы және басқа да ескертулерді түзету мәслихаттың ерекше бақылауына алынды", - деп түйіндеді мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.