Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары

  1. Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық қорғау органдарының қызметі, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау бойынша басқа да заңнамалық актілерді орындау мәселелері бойынша сессиялардың қарауына ұсыныс енгізеді.
  2. Қоғамдық тәртіпті нығайту және елордадағы қылмыстың алдын алуды күшейту, азаматтарға құқықтық тәрбие беру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
  3. Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың лауазымды тұлғаларын Астана қаласы мәслихатының шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды тиісті органдарға ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бөлігінде қалалық мәслихаттың құзыретін қамтамасыз етеді.
  4. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, Астана қаласы мәслихатының Регламентін әзірлеуге қатысады.
  5. Бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған міндетті Ережелерді әзірлеуге қатысады және олардың сақталуын бақылайды.
  6. Астана қаласы мәслихатының құзыретіне жатқызылған және қалалық мәслихатқа ұсынылған заңның үстемдігін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қорғауды, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басқа мәселелерін дайындауға қатысады.
  7. Қаланың қоғамдық кеңесімен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.