Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары

  1. Астана қаласы мәслихатының сессияларында экономикалық реформа, қаржы және салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар енгізеді.
  2. Қаланың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларының жобалары, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша қорытындылар дайындайды, олардың орындалуы туралы есептерді тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  3. Материалдарды қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес несие алу туралы шешімдер қабылдауға құқылы.
  4. Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясынан елорда бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратады.