Дәкенов Ерлан Ерғазыұлы
1977 жылы 9 қаңтарда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Білімі:
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша;
- Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетте «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек қызметі:
- 1998-2000 жылдары - «ЖАҚ» Қиял Әлемі әртісі;
- 2000-2002 жылдары - «Ақтоғай көлік компаниясы» ЖШС, менеджер;
- 2002-2008 жылдары - «Ақтоғай көлік компаниясы» ЖШС, заңгер;
- 2005-2008 жылдары - «Агенттік Тойбастар» ЖШС, директор;
- 2008-2011 жылдары - «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК, баспасөз хатшысы;
- 2011-2012 жылдары - «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК, кадрлар жөніндегі инспектор;
- 2012-2016 жылдары - «Ақжауын» Мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК, директор;
- 2016-2017 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК, директордың шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары;
- 2017-2019 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК, ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары;
- 2019- 2023 жылдары - Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК, бас директор.
- 2023- 2025 жылдары- Астана қаласы әкімдігінің «Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК, бас директор.
- 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін –ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- «Құрмет» ордені;
- «Халық алғысы» медалі;
- «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
- «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісі;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының „Мейірім“ төсбелгісі;
- «Еңбек даңқы» төсбелгісі.
Қосымша ақпарат:
- Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болды.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, бес баласы бар.
Партиялық тиістілік:
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары.
Телефоны: +7-776-133-97-77
E-mail: e.dakenov@maslihat01.kz