Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев

1978 жылы 3 желтоқсанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпықби ауылында (Киров кенті) дүниеге келген.

Білімі:

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000 ж.),
  • Ресей Федерациясының Сыртқы барлау академиясы (2004 ж.).

Еңбек қызметі:

  • 1998-1999 жылдары-Алматы ауданы Астана қаласы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі.;
  • 1999-2006 жылдары-Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері.;
  • 2006-2007 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі;
  • 2007-2008 жж. - КАЗГЮУ Университетінің президенті;
  • 2013-2019 жж. - КАЗГЮУ университетінің ректоры;
  • 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасы.

Қоғамдық қызметі:

  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мәселелері жөніндегі арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары;
  • «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі;
  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы «Adal Bilim» жобалық кеңсесінің басшысы.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

  • «ҰКК-ҰҚК Қазақстан» төсбелгісі (2004 ж.),
  • ҚР ҰҚК Төрағасының алғысы (2005 ж.),
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.),
  • «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.),
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.),
  • «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.),
  • «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.),
  • «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.),
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017ж.),
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» медалі (2019 ж.),
  • «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 ж.).

«Nur Оtаn» Партиясының мүшесі.

2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефоны: +7 (7172) 70-17-08

E-mail: 9210021@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев