Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Саят Нұрланұлы Бәтпенов

1986 жылы 18 наурызда Астана қ. дүниеге келген.

Білімі:

  • 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін,
  • 2008 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін,
  • 2013 жылы Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Мамандықтары бар:

  • «Қаржы және қаржы құқығы»;
  • «Экономика»;
  • «Іскерлік әкімшілендіру»(МВА).
  • «Халықаралық  мұнай-газ бизнесі»,

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2006 жылы заңгер; жетекші заңгер; "Цеснабанк" АҚ Астаналық филиалының заң бөлімінің бастығы болып бастаған.

Солтүстік Каспий жобасы департаментінің менеджері; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілетті органның техникалық тобының менеджері (Атырау қ. және Лондон қ., Ұлыбритания), «Алиби Холдингі» ЖШС Қаржы департаментінің маманы және Инвестициялық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

QazProm-Minerals ЖШС бас директоры.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.

«AMANAT» Партиясының мүшесі.

2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефоны: +7 (7172) 21-07-13

Е-mail: s.batpenov@gmail.com

Саят Нұрланұлы Бәтпенов