Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Айтжан Мұхамеджанұлы Әбдіров

1962 жылы 14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Рощино ауылында дүниеге келген.

Білімі:

  • 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген,
  • техника ғылымдарының кандидаты,
  • педагогика ғылымдарының докторы,
  • профессор.

Еңбек жолын 1990 жылы ассистент ретінде бастады.

1999-2004 жылдары  - «Тіршілік қауіпсіздігі және мал шаруашылығын механикаландыру» кафедрасының меңгерушісі.1992-1993 жылдар аралығында - жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы, ал 1993-1998 жылдары Ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің деканы болды.

2004 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы КАТУ-дың бірінші проректоры болып тағайындалды. 2008 жылы «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.

Басқарма төрағасының орынбасары — С. Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ ректоры.

Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:

  • «Құрмет» ордені;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғысы,
  • "Почетный работник образования Республики Казахстан» төсбелгісі;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы;
  • «10 жыл Астана» мерекелік медалі;
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 17 жылдығына орай "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен" марапатталды;
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төсбелгісі,;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
  • «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі.

160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 9 авторлық куәлік пен өнертабысқа патенттің, 5 оқулықтың,10 оқу құралының, 5 электрондық оқулықтың, Хирш-1 индексінің авторы.

Үйленген, 2 ұлы бар.

«AMANAT» Партиясының мүшесі.

2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефоны: +7 (7172) 31-75-98

E-mail: abdyrov@rambler.ru

Айтжан Мұхамеджанұлы Әбдіров