Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Ерлан Ермекұлы Каналимов

Астана қаласы мәслихатының төрағасы

1982 жылы 22 тамызда дүниеге келген. Туған жері: ҚазССР; Целиноград қ.

Білімі:

  • Жеке білім беру мекемесі басқару институты (2003), мамандығы «Экономист».
  • Қазақстан-Ресей университеті (2007), мамандығы «Құқықтану бакалавры».

Еңбек қызметі:

  • 2003-05.01.2005 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
  • 2005-18.08.2005 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі;
  • 2005-01.02.2006 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы;
  • 2006 - 01.10.2007 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің кеңесшісі;
  • 2007-02.10.2009 Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі;
  • 2009-12.08.2013 Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
  • 2013-03.08.2015 Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс баспана-орталығы» КММ директоры;
  • 2015 - 30.03.2018 «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының м. а.;
  • 2018-25.04.2019 Астана қ. «Байқоңыр» ауданының әкімі;
  • 2019-07.2019 Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары;
  • 2019-15.01.2021 Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Алғыс хаттар:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысқаны үшін (2005),
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін (2010),
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысқаны үшін (2015)

Медальдар:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005);
  • «Астанаға 10 жыл» (2008),
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011);
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015);

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі (2015).
  • «Құрмет» ордені (2021).

Үйленген, төрт баласы бар.

«AMANAT» Партиясының мүшесі.

2021 жылғы 15 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның хатшысы болып сайланды.

2023 жылғы 1 қаңтардан Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның төрағасы.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат хатшысы лауазымының атауы мәслихат төрағасына өзгертілді, бұл өзгеріс 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

Телефоны: +7 (7172) 55-66-31

E-mail: maslihat_org@mail.ru

Ерлан Ермекұлы Каналимов