Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Байкенжин Абай Қабатайұлы

Туған күні: 27.02.1947 ж.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Орталық Азия пульмонологтары қауымдастығының президенті, Еуро-Азия респираторлық қоғамының атқарушы директоры, Еуропалық жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтауұйымы Комитеті Төралқасының мүшесі, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары бар: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтан Барыс» төсбелгісі, 3 дәрежелі «Барыс» ордені, 2 дәрежелі «Барыс ордені».

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы «28» маусымдағы № 189/24-VIII шешімімен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының дамуы мен гүлденуіне  қосқан елеулі үлесі мен мемлекеттік және қоғамдық белсенді қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Байкенжин Абай Қабатайұлы